|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Тогузакская общеобразовательная школа отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Біздің мектептің оқушылары Т. Даулетбаев атындағы XIII ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, белсенділік көрсетті.
Конференция нәтижесі бойынша Колесник Маргарита мен Шайхуллин Владимир 1 орынға ие болды, Тургалиева Аружан 3 орын алды.
Павленко Анисья өз жұмысын лайықты дәрежеде қорғап, әділқазылар алқасынан оң баға алды.
Оқушыларымызды лайықты нәтижелерімен құттықтап, ғылыми қызметтерінде одан әрі табыс тілейміз!
««IQostanay» мектеп оқушылары сарайында IV облыстық онлайн кітап оқу конкурсы «#ОқыЖәнеЖең» жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Жеңімпаздар қатарында — Качко отбасы.
Владислав ынталандыру сыйлығына ие болды,
Леда 2 орын алып, 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды, ал анасы 3 орынмен 75 000 теңгелік сертификат алды. Осындай жақсы дәстүрді жалғастырыңыздар!»







