Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Елімізде 1-сыныпқа ҚАБЫЛДАУ ережелеріне өзгерістер енгізілді:
* Мектепалды сыныптарының тәрбиеленушілері ата-анасының өтініші негізінде оқып, тәрбиеленіп жатқан және әрі қарай оқуды жоспарлаған мектебінің 1-сыныбына автоматты түрде қабылданады.
* Егер ата-аналар баласын басқа мектепке беруді шешсе, онда құжаттар мемлекеттік қызмет аясында жалпы негізде тапсырылады.
* 1-сыныпқа 6 жастағы және ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
* Өтініштерді қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс күндерін қоспағанда жүзеге асырылады.
* Биыл 1-сыныпқа қабылдау порталдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және білім беру процесін реттеу мақсатында кезең-кезеңімен жүргізіледі: 27 мамырдан бастап, алайда біздің ҚОСТАНАЙ облысында, соның ішінде ҚАРАБАЛЫҚ ауданында – 2026 жылғы 18 МАУСЫМ мен 31 ТАМЫЗ аралығында.






