Жұмысшы кәсіптер жылы аясында және «Дәннен білімге: аграрлық кәсіпке жол» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқушылар үшін «Тоғызақ астық өнімдері комбинаты» АҚ-на қызықты экскурсия ұйымдастырылды.
Оқушылар кәсіпорынның өндірістік зертханасында болып, дән сапасын талдауға арналған заманауи жабдықтармен танысты. Мамандар астықтың ылғалдылығы, клейковинасы мен қоспалар деңгейі сияқты маңызды көрсеткіштердің қалай анықталатынын көрсетті.
Зертхана меңгерушісімен болған әңгіме ерекше әсер қалдырды. Ол лаборант пен технолог мамандықтары туралы, олардың өндірістегі рөлі жайлы айтып берді, сондай-ақ бұл мамандықтар бойынша қайда білім алуға болатынын және аграрлық бағыттағы оқу орындары туралы ақпаратпен бөлісті.
Мұндай кездесулер оқушыларға аграрлық саланың маңызын тереңірек түсінуге және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді!






